$ 498.34  519.72  4.85

Димаштың атасы Құдайберген Айтбаев өмірден озды

Қаралы хабарды журналист Бауыржан Бабажанұлы өзінің Facebook парақшасында жазды.
Фото: turkystan.kz
Фото: turkystan.kz

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің атасы Құдайберген Айтбаев 82 жасында дүние салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаралы хабарды журналист Бауыржан Бабажанұлы өзінің Facebook парақшасында жазды. 

“Қазақты күллі әлемге танытқан Димаштың атасы, қадірлі ақсақалымыз Құдайберген аға дүниеден озды. Алла алдынан жарылқағай. Қанат Айтбаев, Света Айтбаева, мықты болыңыздар”, – делінген жазбада.

Еске сала кетейік, 2019 жылы мемлекеттік және қоғамдық қызметтерде еңбек сіңірген, елдің әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін Димаштың атасы Құдайберген Айтбаев "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапаттарлған болатын. 

Сондай-ақ 19 маусымда Димаш Құдайберген жоспар бойынша Малазияда концерт беру керек еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары