$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде 15 жастағы оқушы көз жұмды

Құтқару қызметіне сағат 18-55-те хабарлама түскен.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Елек өзеніне барған 15 жастағы бала суға кетіп қалды. Құтқару қызметіне сағат 18-55-те хабарлама түскен.  Мектеп оқушысының денесін сүңгуірлер 3 метр тереңдіктен алып шықты. Жағадан 50 метр қашықтықтан тапқан, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментіндегілердің айтуынша, бала суға түсуге рұқсат етілмеген жерде шомылған. 

Жыл басынан бері  Ақтөбе облысы аумағындағы өзен-көлдерде 8 адам суға кетіп қайтыс болды.Оның арасында бесеуі - бала. 

Ақтөбеде судағы демалыс орындары жұмысын 1 маусымда бастады. 67 нысанның 44-і - коммуналдық. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары