Ақтөбе облысында мұнай кен орнында шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз шикі мұнайды заңсыз өндіру, өңдеу және сақтау фактісінің жолы кесілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ҚМА аумақтық департаменті анықтағандай, компания заңсыз мұнай өндіруді 2022 жылдан бері консервациялануға тиіс мұнай кенішінде жүргізген.
«Қазіргі уақытта компания бас директорының орынбасары қамауға алынып, сот шешімімен оған қатысты 2 айға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жарияланбайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі», - делінген хабарламада.