Алматы орталық қалалық клиникалық ауруханасында 5 науқас ВИЧ жұқтырып алған, деп хабарлайды Stan.kz.
Деректі қалалық денсаулық сақтау басқармасы растамағанымен, вице-министр Вячеслав Дудник нақтылап отыр. Ол қазіргі уақытта науқастардың ауруды қалай жұқтырып алғанын анықтап жатқанын айтты.
Сонымен қатар науқастардың АЙТВ вирусын жұқтыру жағдайы бойынша эпидемиологиялық тергеу жұмыстары да жүргізіліп жатқан көрінеді. Сондай-ақ, ақпаратта аталмыш аурухананы бұрынғы қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев басқарып отырғаны да жазылған. Сонымен қатар дәл осы вирусты жұқтыру қазіргі қала әкімі, бұрын денсаулық сақтау министрі болған Ерболат Досаевтың тұсындағы кезекті жағдай екені де еске салыныпты.