$ 443.44  480.51  4.88

Депутат жекеменшікке сатылып кеткен жатақхана, стадион, жерді қайтаруды сұрады

Депутаттың айтуынша, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің бір топ оқытушы-ғалымдары депутаттарға университеттен заңсыз шыққан активтерді оқу орнына қайтару туралы өтініш жасаған.
Фото: turkystan.kz
Фото: turkystan.kz

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саиров еліміздегі заңсыз иемделген активтерді қайтару мәселесіне ерекше назар аударып, Бас прокурор Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдады деп хабарлады turkystan.kz.

Депутаттың айтуынша, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің бір топ оқытушы-ғалымдары депутаттарға университеттен заңсыз шыққан активтерді оқу орнына қайтару туралы өтініш жасаған.

«2001-2022 жылдары 1000 орынды 3 студенттік жатақхана, 5 оқу-зертханалық корпус (18 824 шаршы метр), әкімшілік-шаруашылық ғимараттар және өзге де жылжымайтын мүлік объектілері, университет ғимараттарына іргелес жер учаскелері (5 га), Алматы облысының Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарында орналасқан университеттің оқу-тәжірибелік шаруашылығындағы жер учаскелері (12 га) қолды болып кеткен», – дейді Е.Саиров.

Ғимараттарды иеленген заңды тұлғалар оқу корпустарының аумағында тұрғын үй кешендерін салып, студенттердің, оқытушылардың мазасын алған және жатақханаларды қонақүй етіп қайта жабдықтаған. Сондай-ақ кейбір оқу корпустары бизнес орталықтары болып шыққан.

Өз кезегінде Саиров Бас прокуратура елміздегі заңдылықты бақылап отыратын орган ретінде жасауы тиіс қадамдарды айтып берді.

«Сізден заңсыз қолды болған активтерді қайтару комиссиясы аясында аталған ғимараттардың мемлекет меншігіне қайтарылуын жедел қамтамасыз етуге, 2001-2022 жылдары осындай заңды белшесінен басып, бассыздыққа барған шенеуіктердің заң алдында жауапкершілігін анықтауыңызды сұраймыз. Еліміздегі басқа да жоғары оқу орындарының меншікті заңсыз беру мәселесіне жаппай аудит жүргізуге тиіс деп санаймыз, – дейді мәжілісмен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары