"Жер сатылып жатыр" деген алып-қашпа әңгіме тарамау үшін бірден айтайық, Әбу-Даби қаласынан да біздің мемлекетке белгілі бір аумақ ұсынылады. Бұл жерлер қос мемлекеттің елшіліктерінің қажеттілігі үшін бөлініп отыр.
Жалпы қытайлықтармен және басқа да шетелдіктермен екі арадағы болып жатқан «мүлік саудасы» аса сақтықты, һәм сауаттылықты талап етеді. Жер, кен орындарын орынсыз саудалаудың арты үлкен «майданға» айналуы мүмкін.
Бұл әлгі өтірік білмей қалған Никоновтың ғана сандырағы емес. Бұл тұрақты әрі нақты жасалып жатқан әрекет. Оны тағы бір депутат өз сөзінде растап отыр. Дауысқа әзір салынып жатқан дүниелер бар ұқсайды.
«Елордадан небәрі 30 шақырым жердегі ауылдың тұрғындары малдарын жая алмай отыр. Ел астанасының іргесіндегі елді мекеннің жұрты орта ғасырда өмір сүріп жатқандай», - деді Ерлан Бекхожин.