14.06.2023, 18:00

Ақтауда жеткіншекті футбол қақпасы басып қалды

Фото: pixabay
Баланың жағдайы өте ауыр.

Ақтауда футбол ойыны кезінде 16 жастағы қақпашының үстіне темір қақпа құлады. Қазір бала комада жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері әзірге ешқандай болжам айтпады.

"Баланың жағдайы өте ауыр. Ол комада, жасанды тыныс алу аппаратында жатыр", –  дейді дәрігерлер.

Қазір шұғыл түрде қан тапсыру сұралып жатыр.