14.06.2023, 18:20

Астанада ішімдік ішкен жүргізуші жол апатына түсті

Фото: pixabay
"Тойота" маркалы автокөліктің 23 жастағы жүргізушісі "Chevrolet Cobalt" автокөлігімен соқтығысқан.

Астана қаласында жол апаты болды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Оқиға 14 маусым сағат 09.46 шамасында болған.

"Тойота" маркалы автокөліктің 23 жастағы жүргізушісі "Chevrolet Cobalt" автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан көліктер аударылып қалды. "Chevrolet Cobalt" маркалы автокөліктің жүргізушісі мен "Тойота" жолаушысы дене жарақатын алды, олар дәрігердің қарауынан кейін үйлеріне жіберілді", - дейді ведомстводағылар.

Медициналық куәландыру кезінде "Тойота" маркалы автомашинаның жүргізушісі "жеңіл дәрежедегі" мас күйде болған.