$ 494.87  520.65  4.91

Шымкенттіктер Chia Tai Tianging Group қаржы пирамидасына 83 миллион теңге салған

Қазіргі уақытта күдікті сот қаулысымен үйқамаққа алынды. Қазақстанда Chia Tai Tianqing қаржы пирамидасын Қытай азаматы құрған.
Сурет: freepik
Сурет: freepik

2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың сәуіріне дейін Шымкенттің 40-тан астам тұрғыны Chia Tai Tianging Group қаржы пирамидасына 83 млн теңге салған. Бұл жөнінде Қаржылық монитоинг агенттігі хабарлады.

Ведомствоның мәлімдеуінше, қазіргі уақытта күдікті сот қаулысымен үйқамаққа алынды.

"ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды", - делінген ҚР ҚМА баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қаржылық монитринг агенттігі қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлікті тәркілей отырып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылғанын ескертті.

Қазақстанда Chia Tai Tianqing қаржы пирамидасын Қытай азаматы құрған. 

Агенттік өкілдері 17 аумақтық департаментте қаржылық пирамиданы құру және басқару фактісі бойынша 17 қылмыстық іс тергеліп жатқанын мәлімдеді.

"Олар 2022 жылдың шілдесінен бері жұмыс істеп келеді және фармацевтикалық зауыт құрылысына инвестиция салу, сондай-ақ тағамдық қоспалар мен басқа да дәрі-дәрмектерді дамытуға инвестиция салу желеуімен инвесторлардан қаражат тартып келеді. Chia Tai Tianqing Қазақстанда заңды тұлға ретінде тіркелмеген", - 
ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Ведомсто мамандарының сөзінше, болжам бойынша, қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасының аумағынан шығып кеткен Қытай азаматы.

Сондай-ақ Агенттік Алматы қаласының аумағында Қазақстанның үш азаматы компанияның заңсыз қызметін насихаттаумен айналысқанын әшкерелеген. Олардың жеке басы анықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары