$ 442.05  474.14  4.74

Биыл 7 әскери қызметкер өз-өзіне қол салған

Айта кетейік, Қазақстан армиясында 4 жыл ішінде 90-ға жуық суицид жасалған.
Фото: azh.kz
Фото: azh.kz

Жыл басталғалы әскерде 7 суицид жасау фактісі тіркелген. Бұл туралы Қорғаныс вице-министрі Сұлтан Қамалетдинов мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Биыл келісімшарт бойынша жұмыс істеген 7 әскери қызметкер өз-өзіне қол салды. Өкінішке қарай, одан бөлек 2 курсант суицид жасады. Олар әскери институтта құрлық әскерлері мен радиоэлектроника және байланыс мамандығында оқыды. Біреуі демалыста жүргенде мерт болды, себеп - махаббат. Ал екіншісі ата-анасымен түсініспеушіліктен суицид жасаған. Біреуі бесінші курста, екіншісі бірінші курста оқып жатты», - деді Сұлтан Қамалетдинов Мәжіліс кулуарында.

Вице-министр әскердегі сарбаздардың өз-өзіне қол салуына кім жауапты екенін айтты.

«Әр суицидтік жағдайды бөлек қарау керек. Отбасылық-тұрмыстық, қаржылық проблемалардың салдарынан жасалған суицид негізінен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен офицерлер арасында болады. Бұл жерде командирлердің кінәсі жоқ. Ал әскери міндетін өтеуші сарбаздар үшін командирлер толық жауапты», - дейді министрдің орынбасары.

Айта кетейік, Қазақстан армиясында 4 жыл ішінде 90-ға жуық суицид жасалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары