$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда футболдан зақым алған жасөспірім комаға түсті

Жаөспірім 7 күн үйінде ата-анасының бақылауында болған.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

20 мамыр күні Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына 16 жастағы жасөспірім түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Баланың жалпы жағдайы түскен кезде бас ми жарақатына, ми шайқалуына байланысты ауыр тұрақты деп бағаланды. 

“Тексере келе, дәрігерлер ауруханада жатып, ем алу қажеттігін айтып, жасөспірім бала ауруханаға жатқызылды. 24 мамыр күні кешке баланың анасы ауруханаға келген. 5-7 күн жатып ем алу керектігі айтылса да, анасы дәрігерлерге ешқандай шағымым жоқ деп қолхат жазып алып кеткен”,– дейді саланың баспасөз қызметінің өкілі.

Жаөспірім 7 күн үйінде ата-анасының бақылауында болған. 

31 мамырда үйінде жүрген сәтте есінен танып, құрысу ұстамасы болған. Жедел жәрдеммен көмек көрсетілген соң Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер, қабылдау бөлімінде КТ зерттеуде бас миында инсульт белгілері бар екенін анықтаған. Комалық жағдайда жедел реанимация бөліміне жатқызылды. Емдеу протолколына сай тиісті ем-шара алып жатыр. Баланың жағдайы қазір таңда өте ауыр, қатаң жағдайда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары