$ 494.87  520.65  4.91

«Семей орманы» резерватындағы ағаштарды әкетіп жатқаны рас па

Соңғы мәліметтер бойынша, 60 мың гектар орман өртеніп кеткен.
Фото: Instagram/osa_news_vko
Фото: Instagram/osa_news_vko

15 маусымда Қазнетте "Семей орманы" резерватындағы ағаштар белгісіз бағытта әкетіліп жатқаны жөнінде ақпарат тарады. Экология министрлігі әлеуметтік желілер арқылы тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп Zakon.kz.

Ведомство БАҚ-та тараған орман өрті шарпыған алқаптардан ағаш дайындау және оны әкету бойынша таратылған бейнежазба шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Өртті сөндіруден басқа ағашты кесу және шығару сияқты барлық жұмыстар тоқтатылды".

ҚР Экология министрлігінің баспасөз қызметі

Абай облысы аумағындағы "Семей орманы" резерваты 2023 жылғы 8 маусымда өртене бастады. Соңғы мәліметтер бойынша, 60 мың гектар орман өртеніп кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары