Павлодарда бір гектар құрғақ шөп жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына сегіз қызметкер мен екі техника шықты.
«Өрт туралы хабарлама сағат 14:40-та түсті. Қазіргі таңда өрт сөндірушілер жалынмен арпалысып жатыр», – дейді департаментте.
Жалпы көлемі бір гектар аумақта құрғақ шөп өртенген. Сондай-ақ 20 метр аумақта ағаш қоршау және үш ағаш шаруашылық құрылысы жанып жатыр.