15.06.2023, 21:30

20-21 маусымда Бейбітшілік және келісім сарайында Халықаралық волонтерлер форумы өтеді

Фото: Егемен Қазақстан
Халықаралық шараға 34 елден 40-тан аса спикер қатысады.

Халықаралық шараға 34 елден 40-тан аса спикер қатысады. Олардың арасында БҰҰ Еріктілер Бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі Тойли Курбанов, режиссер, «Мәдени бастамалар» қорының құрылтайшысы Т.Бекмамбетов; БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Артур Ван Дизен; Өзбекстан волонтерлер Ассоциациясының басшысы Ширин Абидова; музыкант, «AHBAP» Ассоциациясының» Президенті Халук Левент және т.б. бар. Сондай-ақ, Қазақстанның барлық өңірлерінен делегаттар келеді. Жалпы 400-ге жуық адам қатысады деп жоспарланған. Оның 140-ы халықаралық ұйымдардың өкілдері мен шетелдік қатысушылар. 

Форумның ашылу салтанаты 11.00-де. Бағдарламамен толығырақ форумның ресми сайтынан немесе әлеуметтік желілердегі парақшалардан танысуға болады:  ivfkz.org | instagram/international_volunteer_forum | facebook/ International Volunteer Forum - Astana 2023

Өтетін орны: Бейбітшілік және келісім сарайы Күні: 20 маусым 2023  Уақыты: 10.00