$ 494.87  520.65  4.91

Алматы полициясына балалар ауруханасына бомба қойылғаны туралы ақпарат түсті

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматыда белгісіз біреу полицияға телефон соғып, балалар ауруханасына бомба қойылғаны туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Терроризмге қарсы орталыққа сілтеме жасап.

Қоңырау қалалық Полиция департаментінің желісіне түсті. Белгісіз ер адам өзін құқық қорғау органының қызметкерімін деп таныстырып, балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған.

"Лаңкестік қауіп-қатерге алғашқы ден қою шаралары аясында қаланың төтенше жағдайлар қызметі ғимарат пен оның маңайына тексеру жүргізді. Жарылғыш техника және кинологиялық бөлімшелер қауіпті құрылғыларды таппады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Күдікті сол күні ұсталған. Ол 23 жастағы жігіт болып шықты.

"Құқық қорғау органдары 2000 жылы туған А.-ны ұстады. Ол өз әрекетін мойындады, бірақ бұл әрекетінің мақсаты туралы сұраққа жауап бере алмады", - деп толықтырды орталық өкілдері.

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары