$ 494.87  520.65  4.91

Ақтау және Тараз қалаларында қаруды заңсыз саудалаудың жолы кесілді – ҰҚК

Арнайы операция нәтижесінде заңсыз айналымнан екі «Калашников» автоматы және 100 оқ-дәрі тәркіленді.
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

10-12 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жедел қызметкерлері «А» арнайы мақсаттағы қызметінің күштік қамтамасыз етуімен Ақтау және Тараз қалаларында қарудың заңсыз айналымы арнасының жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен республиканың бес тұрғыны ұсталып, оның екеуі тергеу оқшаулағышына қамалды.

ҰҚК қызметкерлері ұзақ уақыттық зерделеу барысында ату қаруы мен оқ-дәріні әкелу және сату жолдарын құжаттап алған.

Сотқа дейінгі тергеу фигуранттары құпиялық шараларын қатаң сақтап келген және саудалау барысында әртүрлі амалдарды қолданған.

Арнайы операция нәтижесінде заңсыз айналымнан екі «Калашников» автоматы және 100 оқ-дәрі тәркіленді.

Жедел-тергеу іс-шаралары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары