16.06.2023, 16:00

Euro-2024: Бүгін Қазақстан құрамасы Сан-Мариномен кездеседі

Фото: Goal.kz
Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында 3 ұпай бар.

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысы аясында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Сан-Марино құрамасымен кездеседі, деп хабарлады turkystan.kz. 

Екі құрама арасындағы матч Италияның Парма қаласындағы «Эннио Тардини» стадионында өтеді. Ойынның тікелей көрсетілімін «Qazsport» телеарнасы ұсынады.

Кездесу Астана уақытымен 00:45-те басталады. Қазақстан ұлттық құрамасы бұл ойынға жаңа формамен шығады.

Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында 3 ұпай бар. Команда Н тобында үшінші орында келеді. Ал Сан-Марино әзірге ұпай еншілемей, топта соңғы орында тұр.