Ұлттық құрылтайдың келесі отырысы Атырау облысында өтеді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Былтыр Ұлытауда, биыл киелі Түркістанда бас қосып, елдік мәселелерді талқыладық. Ел тарихында айрықша орны бар тағы бір аймақ – Атырау облысы. Ондағы әйгілі Сарайшық қаласында атақты хандарымыз ордасын тіккен. Мен Ұлттық құрылтайдың келесі отырысын осы шежірелі аймақта өткізуді ұсынамын. Елімізде лайым жақсылық көп болсын!», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.