$ 441.58  480  4.86

19 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

10.00-де Мәжілісте Үкімет сағаты өтеді.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 19 маусым күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де Мәжілісте Үкімет сағаты өтеді.

11.00-де Ішкі істер министрлігі «Адам саудасына қарсы күрес шаралары туралы» онлайн-көрсетілім форматында брифинг өткізеді. Спикер: ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

14.00-де Мәжілісте «БАҚ туралы» заң жобасының призмасы арқылы медиасфераны дамыту тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтеді.

15.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде тұтынушылардың құқығын қорғау, Қазақстан Республикасында туризмді дамыту тақырыптары қаралады.

16.00-де Астана қаласының мәслихатында «Астана қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру нәтижелері» атты қоғамдық тыңдаулар өткізіледі.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Шәмші» мюзиклі қойылады.

19.00-де Жастар театрында гастрольмен келген Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры «Махаббат, қызық мол жылдар» қойылымын ұсынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары