19.06.2023, 13:00

Жаңа Адамдар өрт сөндіруші қаһармандарға Семейдің ортасында үлкен баннер орналастырып, алғыс білдірді

Фото: Жаңа Адармдар
Олардың құрметіне, 150 шаршы метрден астам жер аумағында «Батырларымызға мың алғыс!» атты үлкен баннер орналастырылды.

Табиғи апаттар, әсіресе, орман өрттері — көптеген елдер үшін үлкен мәселеге мен ұлт қайғысына айналып жатыр. Орман өрттері мәселесі Қазақстан үшін де тән болып отыр. Сондай-ақ, 8 маусым күні, Қазақстанның шығысындағы “Семей орманы” ӨСБ-де жанудан басталған өрт, тез арада, 60 мың гектар көлемінде жер аумағын қамтыған. 15 маусымда өртті оқшаулауға мүмкіндік туындаған, бірақ оны сөндіру шаралары әлі күнде жалғасуда. 

Табиғи апаттармен күресу — оңай шаруа емес. Осы қауіпті миссия Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар Министрлігінің қызметкерлерінің және өрт сөндірушілердің иығына құлаған. Олар күн сайын біздің бейбіт өмірімізді қамтамасыз ету үшін өз денсаулығын, тіпті өмірін құрбан етуге дайын. 

Бүкіл елмен бірге Жаңа Адамдар жанкешті өрт сөндірушілерге алғыс білдіріп, оларға қолдау көрсеткен. Олардың құрметіне, 150 шаршы метрден астам жер аумағында «Батырларымызға мың алғыс!» атты үлкен баннер орналастырылды.

Мейіржан Ғарифоллаев, Жаңа Адамдар: 

«Біз өрт сөндірушілерге, Төтенше жағдайлар Министрлігінің қызметкерлеріне және өртті сөндіруге атсалысқан барлық мамандарға бүкіл халықтың атынан алғысымызды білдіргіміз келді. Сіздің адалдығыңызға, батылдығыңызға және табандылығыңызға рахмет! Адамдарды құтқарғаныңыз үшін рахмет! Қазақстанымыздың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі үшін бәрін жасауға дайын болғаныңыз үшін рахмет!».