Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінде мұнаралы кран құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
BI Group құрылыс компаниясы 18 маусымда сағат 19:28-де ауа райы қолайсыздықтары мен қатты жел салдарынан Greenline Asul mura тұрғын үй кешені, С блогы құрылыс алаңы аумағында кран құлағанын хабарлады.
"Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға салдарынан Д блогының қасбеті шамалы зақымданды. Жақын арада қасбетті қалпына келтіру жұмыстары басталады.
Қалған мәлімет қызметтік тергеу аяқталған соң белгілі болмақ. Қолданыстағы ережелерге сәйкес, оқиға туралы құзырлы органдардың өкілдері хабардар етіліп, шақырылды", - деп толықтырды компания.