Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласының айналма жолында құрғақ шөп өртеніп жатыр. Осыған байланысты қаланың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды көшеге еш себепсіз шықпауға, пәтердің терезелерін ашпауға, көшеде бетперде тағып жүруге шақырады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер алдын ала болжам бойынша 15 гектар аумақта өртті сөндіру жұмысын жүргізіп жатыр.
Өрт сөндірушілер алдын ала 15 га алаңда өртті жою бойынша жұмыс істейді. Өртті сөндіру үшін жеке құрамның 140 адамы және 40-қа жуық техника жұмылдырылған.