$ 441.66  475.14  4.86

Бүгін бокстан КСРО-ның екі дүркін чемпионы Әбдірашит Әбдірахмановтың туған күні

Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін Әбдірахманов боксшыларды жаттықтыра бастады.
Фото: madeniportal.kz
Фото: madeniportal.kz

77 жыл бұрын (1946-2019) Кеңес Одағында бокстан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған тұңғыш қазақстандық боксшы, КСРО-ның екі дүркін чемпионы, бокстан Америка, Еуропа, Африка елдерінде өткен халықаралық жарыстардың жеңімпазы,жаттықтырушы, киноактер Әбдірашит ӘБДІРАХМАНОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік институтын бітірген. 1969 жылы КСРО кубогын жеңіп алды. 1970-1971 жылдары жартылай орта салмақта КСРО чемпионы атанды. Көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін Әбдірахманов боксшыларды жаттықтыра бастады. Оның шәкірттерінің қатарында әлем чемпиондары Орзубек Назаров пен Андрей Курнявка бар. Қазақстан Республикасының шығыс жекпе-жегінің дамуына зор үлес қосты.

Ол жекпе-жектің көптеген түрлерінен, атап айтқанда бокс, ушу-саньда, кикбоксинг,тай-бокстан спортшыларды дайындаы. ҚР Президенті күзетінің арнайы батальонын дайындаумен айналысты. Алайда, жаттықтырушылық қызметтен бас тартып, актерлік өнерге бет бұрды. 1969 жылы атақты боксшы белгілі қазақстандық режиссер Шәкен Аймановтың көзіне түседі.

Оны «Ақ шаршы» фильміндегі боксшының рөліне шақырады. Басты рөлді Әбдірашит сомдаған Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекет» романы бойынша түсірілген фильм 1996 жылы Берлин фестивалінде әлемдік кино өнеріне қосқан үлесі үшін «Алтын камера» жүлдесін иеленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары