$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбе облысында жүк пойызы 25 бас ешкі мен қойды қағып кетті

Оқиға Ақтөбе облысының Сарысай – Хромтау аралығында болған.
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысының Сарысай – Хромтау аралығында жүк пойызы 25 ешкі мен қойды қағып кетті, - деп хабарлайды polisia.kz сайты.

Оқиға Ақтөбе облысының Сарысай – Хромтау аралығында болған. Жүк пойызының машинисі темір жолдарда жануарлардың болуына байланысты соқтығысуды болдырмау мақсатында шұғыл тежеуді қолданғаны айтылды.

Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмаған, пойыз 25 ешкі мен қойды қағып кетті. Оның 20-сы өлді.

"Жоспарланбаған пойыз тұрағы 10 минутқа созылған. Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде Қандыағаш станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері үй жануарларының иесін анықтады. Ол Ақтөбе облысының 64 жастағы тұрғыны болып шықты. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары