Рұқсат етілмеген қоқыс алаңдары қала тұрғындарының денсаулығына мол зиян келтіре алады. БАҚ деректері бойынша, Астанада 500-ден астам “заңсыз” қоқыс төгілетін жерлер бар. Өкінішке орай, жиі жағдайда адамдар ыдырап жатқан қалдықтардың арасында өмір сүріп, өз денсаулығына айтарлықтай зиян келтіріп жүргенін тіпті байқамай жатыр.
Жаңа Адамдардың пікірі бойынша, тұрғын үйлер кешендерінің дәл қасында орналасқан қоқыс алаңдары — ешбір қалыптарға сәйкес келмейді! Алайда, осы мәселені әдетті әдістермен шешуге мүмкін емес. Осыған жауапты сатыларға жазылатын шағымдар мен хаттар іске жарамайды. Терезелердің астына қоқыс лақтыратын және сол аймақтарға жауапты болатын адамдардың санасының түбінен өзгеруі ғана көмектесе алады.
Жаңа Адамдар сәнді дизайнерлермен бірігіп, Астана қаласының “заңсыз” қоқыс алаңдарында жиналған қалдықтардан “трэштік” киімдер жинағын құрастырған болатын. Дәл сол жерде, яғни Jetisu тұрғын үй кешенінің алдындағы қоқыс алаңында, белсенділер “Trash Fashion Day” сәнді көрсетілімді ұйымдастырды.
Әр үлгі қалалық экологиялық апатты бейнелейтін тарихты айқын көрсетеді. Әр көйлек: “ӘРІ ҚАРАЙ ОСЫЛАЙ ЖАЛҒАСТЫРУҒА БОЛМАЙДЫ!” — деген ойды әр көрерменнің санасына жеткізеді.
Одан басқа, Астана қаласының әкімшілігінің алдында “Trash Fashion Day” бөлек фототүсірілімі жасалған. Мұның арқасында қалалық экологиялық мәселелер астана әкімшілігінің есігін қағуға бастаған.
Жаңа Адамдар Астана қаласындағы қоқыс алаңдарына күресте өз майданын ашып тұр. Демек, соларға жауапты тұлғалар аймақты ретке салуға асығуы керек, немесе олар өз өкілеттігін осы мәселені шеше алатын адамдарға тапсыруға мәжбүр болады.
Бауыржан Амантаев, Жаңа Адамдар:
«Үй қасындағы қоқыс алаңдарының өздігінен жоғалып кетуіне үміттенуге болмайды. Бізден басқа экологияға ешкім қамқорлық көрсетпейді. Өз болашағымыз үшін өзіміз ғана жауапты боламыз. Әр адам қоршаған ортаның жақсаруына, аз болса да, өз үлесін қоса алады. Бүкіл халық, соның ішінде атқамінерлер де, Астана қаласындағы баяу таралатын экологиялық апатқа назар аудармақ. Оны тоқтату үшін барлық күштерімізді салуға міндеттіміз».