$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда суға кеткен төрт оқушының жағдайы белгілі болды

Олардың біреуінің жағдайы ауыр деп бағаланды.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында Ақтаудан 63 шақырым жерде теңізге батып жатқан жерінен құтқарылған төрт оқушы ем алып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.  Олардың біреуінің жағдайы ауыр деп бағаланды. Науқас реанимацияда ем қабылдап жатыр.

"Төрт жасөспірім Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Науқастардың бірі реанимацияда. Жағдай әлі де ауыр болып тұр. Қалғандары бөлімшеде, олар ем алуда", - деп түсіндірді Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы директорының орынбасары Сәния Тарбахова.

Естеріңізге сала кетейік, оқушылармен болған оқиға 18 маусым күні Ақтаудан 63 шақырым жердегі "Көгілдір айлақ" жағажайында болған. Куәгерлер бес жасөспірімнің теңізге батып бара жатқанын хабарлады. Нәтижесінде 2007 жылы туған жасөспірімдердің бірі ауруханаға бара жатқан жолда жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Төрт қыз ауруханаға түсті.

Кейін оқиғаның егжей-тегжейі белгілі болды. Қайғылы оқиғаға қатысушылар Мұнайлы ауданындағы мектептердің бірінің оқушылары. 24 адамнан тұратын топ сынып жетекшісімен бірге оқу жылының аяқталуын тойлау үшін жағажайға автобуспен барған. Алайда табиғатта уақыт өткізу идеясы қайғылы жағдайға ұласты.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары