Бас прокурор Берік Асылов бұрынғы Төтенше жағдай министрі Юрий Ильиннің Абай облысындағы орман өртіне қатысты тергеуге тартылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бас прокуратура жүргізіп жатқан тергеу ісінде Юрий Ильин мырзаның (құқықтық – ред.) мәртебесі қандай?», - деп сұрады журналист Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында.
Берік Асыловтың айтуынша, аталмыш тергеуде экс-министр Юрий Ильиннің мәртебесі айқындалмаған.
«Жай ғана куәгер ретінде тергеді, болды. Яғни, оның ешқандай мәртебесі жоқ – куәгер ретінде ғана тергелді. Қазір тергеу жүріп жатыр», - деді Бас прокурор.
Еске сала кетейік, Семей орманындағы алапат өртке қатысты Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалған.