Төтенше жағдайдар департаменті мен қалалық әкімдік бұған қатысты ешқандай ақпарат бермеді. Бірақ желіде тарап жатқан бейнежазбаларға қарағанда ағаштар аулаларға, балалар алаңқайына және көліктерге құлаған, деп жазады qazaqstan.tv.
Бұған дейін тараған ресми ақпараттарға сай жыл басынан 22 ағаш сынып түсіп, 4 көлік пен 2 дәмхананы зақымдаған.
Сондай-ақ қалада 4 млн жуық тал-терек өсіп тұр. Оның 80 мыңнан астамы апатты жағдайда тұр.
Оларды толығымен кесіп бітіруге кем дегенде 5 жылдай уақыт қажет.