$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандықтардың алаяқтарға берген ақшасы 17 млрд теңгеден асады

Соңғы үш жылда алаяқтық фактілері бойынша 600-ден астам қылмыстық іс болған.
Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz

Қазақстанда түрлі мәселелерді шешкені үшін лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелеу жағдайлары және алаяқтық жиілеп кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Соңғы үш жылда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өндірісінде алаяқтық фактілері бойынша 600-ден астам қылмыстық іс болған.

«313 адам сотталды. Қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өндірісінде алаяқтарға, делдалдарға және пара беруге итермелеушілерге қатысты бірқатар қылмыстық істер бар. Алаяқтарға берілген ақшалай қаражаттың жалпы сомасы 17 млрд теңгеден асады», - делінген Антикор хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары