$ 443.37  474.49  4.83

Шағын сүңгуір қайықпен «Титаникке» аттанған 5 адам жоғалып кетті

Іздеу жұмыстары кезінде гидролокатордың жекелеген дыбыстарды анықтағаны хабарланды.
Фото: PA.media
Фото: PA.media

Жексенбіден бері құтқарушылар Атлант мұхитының солтүстік бөлігінде жоғалып кеткен сүңгуір қайықты іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі еуропалық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Бортында 5 адам (Франция, АҚШ, Ұлыбритания және Пәкістан азаматтары) бар шағын «Титан» (Titan Sub) қайығы Солтүстік Атлантикадағы суға батқан «Титаник» кемесімен танысу үшін 4 мың метр тереңдікке сүңгіп кеткен.

Titan Sub – Oceangate компаниясына тиесілі шағын суасты аппараты. Салмағы – 10 тонна, ұзындығы – 6,7 метр. Сыйымдылығы бес адаммен шектелетін аппарат 96 сағатқа тереңдікке бойлай алады.

Қазір Американың қарулы күштері Канада мен Франциядан келген әріптестерінің қолдауымен құтқару операциясына қатысып жатыр. Іздеу жұмыстары кезінде гидролокатордың жекелеген дыбыстарды анықтағаны хабарланды. Биліктің бағалауы бойынша, сәрсенбі күні таңертең кемеде шамамен 30 сағаттық оттегі қалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары