Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров өңірдің әкімшілік орталығын Қызылжар атауын беру мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Журналистер баспасөз мәслихатында шенеуніктен Петропавл қаласының атын өзгерту жоспарланып отыр ма деп сұрады. Бұған дейін қаланы Қызылжар деп атау ұсынылған болатын.
Сапаровтың айтуынша, қазір бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ.
"Қазір біздің күн тәртібінде өңір экономикасы, жұмыс орындарын құру, әл-ауқатты арттыру мәселелері тұр", – деп жауап берді ол.
Әкімнің сөзінше, қала атауын өзгерту мәселесі облыстың негізгі мәселелері шешілгеннен кейін талқылануы мүмкін.
"Мұны ономастикалық комиссия арқылы шешу керек", — деді Сапаров.