Тұран даңғылының учаскелері мен Шұғыла көшесінің учаскелері жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Тұран даңғылына орташа жөндеу жүргізеді", - делінген хабарламада.
Жөндеу жұмысына байланысты осы жылдың 21 маусымы сағат 21:00-ден 22 маусым сағат 12:00-ге дейін Тұран даңғылы мен Қорғалжын тасжолының қиылысында көлік қозғалысы шектелетін болады.
Сондай-ақ, 22 маусымда сағат 21:00-ден 23 маусым күні сағат 12:00-ге дейін Тұран даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысында көлік қозғалысы толығымен жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет екені айтылған.