$ 443.35  475.54  4.82

Екібастұзда үш жасөспірімді көлік қағып кетті: балалар жансақтау бөлімінде жатыр

Дәрігерлер балалардың жағдайын өте ауыр дейді.
Фото: Sputnik Қазақстан
Фото: Sputnik Қазақстан

Павлодар облысы Екібастұз қаласында жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан үш жасөспірімді көлік қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға 21 маусымда сағат 22:30-да болған.

"Энергетиктер және Мәншүк Мәметова көшелерінің қиылысында "Тойота Камри" көлігі жаяу жүргіншілер белгісі бар жерден өтіп бара жатқан үш жасөспірімді қағып кетті. Көлік арнайы тұраққа қойылды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр, сараптамалар жасалды", - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Көлік қаққан 13,15,16 жастағы жасөспірімдер ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер балалардың жағдайын өте ауыр дейді.

"Жол апатынан 6 адам зардап шеккен. Оның төртеуі – кәмелетке толмағандар. Үш жасөспірім жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайлары өте ауыр. Ал үш адам амбулаториялық ем қабылдайды", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметкері Мақпал Қаржаубай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары