$ 443.85  474.3  4.8

Астана әкімдігі ата-ана шағымынан кейін қаладағы барлық балабақшаға тексеру жүргізеді

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасымен қалада балабақшалардың қызметін толық тексеру мақсатында арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланған.

2017 жылғы 31 қаңтар күні кешке әлеуметтік желілерді пайдаланушы Жанна Шапенова астаналық білім беру қызметкерлеріне өзінің бұйымтайын білдірген. Онда №77 «Қошақан» мемлекеттік балабақшасының суреттері жүктелген.

«Қазіргі кезде барлық ескертулер жойылды. Бүгін 2 ақпан күні аталмыш балабақшада комиссия жұмысының нәтижелері бойынша жалпы ата-аналар жиналысы өтеді. Балабақшаның қызметкерлері үшін бөлек жиналыс ұйымдастырылады», - деп атап өтті Астана қаласы білім басқармасының басшысы Сенғазыев Қасымхан.

Айта кетейік, 2016 жылдың қазан айынан бері Астанада сенім телефондары қызмет етеді.

Егер сіз немесе сіздің балаларыңыз Астана қаласының білім беру ұйымдарында әкімшіліктің немесе оқушылардың тарапынан заңға қайшы әрекеттерге (мектептің қажеттілігіне ақша жинау, баланы мектепте қатарластарының ұрып-соғуы, мектеп аумағында темекі өнімдерін және т.б. сату) тап болсаңыз, мұндай жағдайларды назарсыз қалдырмауды сұраймыз.

Шағымдардың кез келген фактілері (балабақша, мектеп, колледж) бойынша Астана қаласы білім басқармасының «жедел желі» телефондарына хабарласыңыз: 55-01-62, 8-778-255-01-62. Жұмыс уақыты – с 9:00 до 19:00, түскі үзіліс 13:00-14:30.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары