$ 498.34  519.72  4.85

Түркияда Фетхулла Гүленнің жиені қамауға алынды

Түркияда белгілі оппозиционер, діндар Фетхулла Гүленнің жиені қамауға алынды деп хабарлайды Hürriyet. Ұстау операциясы ертеректе жүргізілсе де ол туралы тек бүгін белгілі болып отыр.

Ұсталған азаматтың аты-жөнін құқық қорғау органдары жарияламады. Белгілісі, ол 6 қаңтар күні Түркияның батысындағы Маниса провинциясында 4 адам болып қолға түскен. Сот олардың бәрін тергеу аяқталғанша түрмеде ұстауды ұйғарыпты.

Айта кетейік, былтыр 2 қазан күні Измир қаласында Гүленнің інісі ұсталған болатын. Одан бір апта бұрын полицейлер діндардың жиен қарындасын қамауға алған.

Фетхулла Гүлен 1999 жылдан бері елден қашып, АҚШ-та тұрып келеді. Былтыр 15 шілдеде орын алған Түркиядағы әскерилердің көтерілісіне ел билігі Гүленді айыптауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары