$ 494.87  520.65  4.91

Еліміздің 6 облысында күн райына қатысты ескерту жасалды

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай жарқылдайды.
Фото: inform. kz
Фото: inform. kz

Қазақстанның алты облысында найзағай жарқылдап, жаңбыр жауып, қатты жел соғады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 

25 маусым күні күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай жарқылдап, дауыл соғады. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарында солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с-ға дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары. 25 маусым күні күндіз Қостанайда найзағай жарқылдайды.

25 маусым түнінде Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында өрт шығу қаупі жоғары. Павлодарда өрт шығу қаупі сақталады.

25 маусым күні күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде найзағай жарқылдайды. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел екпіні 15 м/с дейін жетеді. Күндіз Ақтөбеде найзағай жарқылдайды.

25 маусым күні күндіз және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді, найзағай жарқылдайды. 25 маусым күні күндіз Петропавлда найзағай жарқылдайды. 25 маусым күні күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аймақтарында найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан жел соғып (15-20 м/с), найзағай жарқылдайды. Облыстың оңтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары