25.06.2023, 07:30

Александр Бублик Германиядағы жарыстың финалына шықты

Фото: twitter.com/atptour
Қарсыласы 9 эйспен көзге түсті.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Александр Бублик Галле (Германия) ATP 500 жарысының финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 22-ракеткасы, германиялық Александр Зверевпен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда брейк жасаған А.Бублик 5:2 есебімен алға кетіп, сол басымдылығын сақтап қалды – 6:3.

Екінші сетте есеп 5:5 болған мезетте Бублик тағы бір брейкке қол жеткізді. Содан кейін матчқа доп бергенде, мүлт кеткен жоқ – 7:5.

Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсеке барысында А.Бублик 14 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыласы 9 эйспен көзге түсті.

Осылайша, ірі доданың финалына шыққан А.Бублик бас жүлде үшін әлемнің 7-ракеткасы, ресейлік Андрей Рублев немесе рейтингте 23-орындағы испаниялық Роберто Баутиста-Агуттың біреуімен таласады.

А.Бублик осы табысы арқасында қазірдің өзінде ATP Live рейтингісінде 33-сатыға көтеріліп тұр.