$ 498.34  519.72  4.85

Келіні мен енесі пирамидалық схема жасағаны үшін қамалды

Екеуі WhatsApp және Telegram мобильді мессенджерлерінде чат құрған.
Фото: NewTimes.kz
Фото: NewTimes.kz

Абай облысында келіні мен енесі пирамидалық схема жасағаны үшін сотталып, жазаларын қауіпсіздігі төмен мекемеде өтеуге жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Енесі 2020 жылы қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару бойынша қылмыстық іс-қимыл жоспарын әзірлеп, оған келінін тартқан. Тағайындалған рөлге сәйкес ол салымшыларды тартуға, олардың тізімін қалыптастыруға, сақтауға міндетті болған. Жиналған қаражаттың және оларды қайта бөлудің есебін жүргізген.

Екеуі WhatsApp және Telegram мобильді мессенджерлерінде чат құрып, онда инвесторларды тарту үшін маркетинг түрінде ақпаратты орналастырған. Депозиттер сомасын және қолма-қол ақшалай төлемдер сомасын анықтау үшін «жәшіктер» құру арқылы ұйымдастырады.

Олар 2020 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында өз мақсаттарына жету үшін жәбірленушілерден өздері құрған және басқаратын қаржы пирамидасына жалпы сомасы 300 миллионға жуық теңге, яғни аса ірі көлемде қаражат тартқан.

Сот екеуін кінәлі деп танып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабында көзделген және әрқайсысын азаматтардың қаражаты мен инвестицияларды тарту жөніндегі қызметпен айналысу құқығынан 5 (бес) жыл мерзімге айыра отырып, 5 (бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға соттады. Қазір олар қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі ең төменгі мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары