26.06.2023, 09:40

Лукашенко мен Назарбаев телефон арқылы сөйлесті

Фото: hvylya.net
Олар Беларусь-Қазақстан қарым-қатынасын талқылаған.

Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей президенті Владимир Путинмен және Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Беларусь басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маусымның 25-і күні таңертең Лукашенко Путинмен телефон арқылы сөйлессе, түстен кейін Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлескен.

«Біз халықаралық жағдайды, аймақтағы жағдайды және Беларусь-Қазақстан қарым-қатынастарын талқыладық», - делінген хабарламада.