26.06.2023, 11:00

Құрбан айт намазының кестесі жарияланды

Фото: Sputnik Қазақстан
Қазақстан заңнамасы бойынша Құрбан айттың бірінші күні – демалыс.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы Құрбан айт намазының кестесін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Photo : ҚМДБ баспасөз қызметі

Құрбан айт – Ораза айттан кейін 70 күн өткен соң келетін мейрам. Мұсылман қауымы Құрбан айтты қатарынан үш күн тойлайды. Қазақстан заңнамасы бойынша Құрбан айттың бірінші күні – демалыс. Биыл Құрбан айт 28, 29, 30 маусым күндері аталып өтеді.