$ 494.87  520.65  4.91

Судан өте алмаған: Қарағанды облысында 86 ақбөкеннің өлексесі табылды

Жануарлардың өлекселері арнайы полигонға апарылып, жойылған.
Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Нұра ауданы Қайнар ауылы маңындағы Құланөтпес өзенінде жүзге жуық ақбөкеннің өлексесі табылды, деп хабарлайды Massaget.kz.

Қарағанды облысы Нұра ауданы Қайнар ауылының тұрғыны Құланөтпес өзені бойынан ақбөкендердің өлекселерін тапқанын айтқан. Ақбөкендердің өлекселері суда жатқан, олардан жағымсыз иіс шыққан.

Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлері дереу оқиға болған жерге барған. Инспекторлар сол жерден 86 ақбөкеннің өлексесін тапты. Алдын ала болжам бойынша, жануарлар өзеннен өтуге тырысып, суға батып кеткен.

"Ақбөкендердің өлекселерін тексеру барысында Құланөтпес өзенінен 86 өлексе табылды. Ақбөкендердің өлімінің себебі өзеннен өте алмай суға батып кетуі болды. Сонымен қатар, ақбөкендердің өлекселері бүлініп кеткен. Тексеріс кезінде оқ іздері табылған жоқ. Қылмыстық іздер жоқ", - деді инспекция қызметкерлері.

Жануарлардың өлекселері арнайы полигонға апарылып, жойылған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары