$ 444.14  477.05  4.85

Киік атқан браконьер ұсталды

Оқиға орнына бірден Қорғалжын ауданы полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды.
Фото: inform. kz
Фото: inform. kz

«Сапсан» жедел тобы мен «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары кезекті рейд барысында киік атқан браконьерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2023 жылғы 23 маусымда «Сапсан» жедел тобы мен «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары кезекті рейд барысында Қорғалжын қорығының аумағына іргелес Қызылкөл көлінің жанынан «Нива» маркалы автокөлігін тоқтатты. Автокөлік жүргізушісінің Қарағанды облысы Нұра ауданының тұрғыны екені анықталды. Көлікті тінту барысында салоннан киік ұшасының бөліктері табылды», – деп жазылған Экология және табиғи ресурстар министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Оқиға орнына бірден Қорғалжын ауданы полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды. Аталған факт СДТТБТ-де тіркеліп, тиісті іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары