$ 494.87  520.65  4.91

Астанада қай жерде құрбандық шалуға болады?

Биыл Құрбан айт 28-30 маусым аралығында мерекеленеді.
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Елордада қасиетті Құрбан айт мерекесінде құрбандық шалынатын орындар анықталды, деп хабарлады қалалық дін істері жөніндегі басқарма.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, 28 маусымда таңғы сағат 6:00-де Астанадағы «Айт намазы» оқылады.

Қалада бекітілген мына орындарда сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін құрбандық шалынады:

«Ұлжан» әмбебап базары, Сарыарқа ауданы, Нұрғиса Тілендиев көшесі, 24 (бұрынғы «Саянұр» базары);
«Жайлау» базары, Байқоңыр ауданы, Алаш тас жолы, С-313 көшесі («Шарын» базарының арты);
«Шанхай» базары, Байқоңыр ауданы, Алаш тас жолы, 34/6 («Көк базар» базарының арты);
«Шопан ата» базары, Байқоңыр ауданы, (Рубиком және Әмір базарының ортасы);
«Баракат» базары, Байқоңыр ауданы, А-369 көшесі, №10 ғимарат.
Құрбандыққа сойылған малдың еті түгелдей көмекке мұқтаж отбасыларға үлестіріледі.

Тағы басқа сұрақтар бойынша 109 call-орталығына хабарласуға болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары