$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда жолаушылар мінген автобус апатқа ұшырады

Оқиға Құлжа трактінде болған.
Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматы облысында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апатына қатысты видео әлеуметтік желіде тарады. Видеода №203 жолаушылар автобусы жолдың шетіне шығып кеткенін көруге болады. Оқиға Құлжа трактінде болған.
Облыстық Полиция департаментінің өкілдері бұл дерекке қатысты пікір білдірді.

"Алматы облысының Полиция департаменті жол-көлік оқиғасы 26 маусымда "Алматы-Көкпек-Көктал" тасжолының 24-шақырымында болғанын хабарлайды. 54 жастағы жүргізуші көліктің рөлін басқара алмай, кюветке шығып кеткен. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ", - дейді ПД өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары