$ 443.35  475.54  4.82

Енді жұмыс берушілер тарапынан қосымша зейнетақы жарналары төленетін болады

2024 жылдың қаңтарынан болашақ зейнеткерлерге қосымша зейнетақы жарнасы төленеді.
Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz

Болашақ зейнеткерлер үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушілер тарапынан қосымша зейнетақы жарналары төленеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Зейнетақы мөлшерін арттыру және жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жыл басында базалық және еңбек зейнетақыларының мөлшерін есептеу параметрлері өзгертілді. Саралап көтеру тетігін қолдану нәтижесінде ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері 21 пайызға дейін өсті. Бұл зейнетақысы төмен зейнеткерлерге үлкен әлеуметтік қолдау болды. Ал болашақ зейнеткерлер үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушілер тарапынан қосымша зейнетақы жарналары төленеді», – деді министр.

Оның атап өтуінше, Әлеуметтік кодексте БЖЗҚ салымшысы өзінің зейнетақы активтерінің 50 пайыздан аспайтын бөлігін дербес таңдауы бойынша жеке басқарушы инвестициялық компанияларға беру мүмкіндігі көзделгенін айтады.

«Жыл басынан бастап қолданысқа енгізілген Отбасының цифрлық картасы проактивті қызмет көрсету құралы ретінде толыққанды жұмыс істеп тұр. Есепті кезеңде 800 мыңнан астам азаматқа проактивті қолдау шараларын ұсынуға SMS жолдады. Оның ішінде 650 мың азаматқа төлемдер проактивті түрде, 95 мың азаматқа «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы тағайындалды», - деді Тамара Дүйсенова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары