Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Тамара Дүйсенова партия Хатшысы қызметіне тағайындалды деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.
Өткен аптада Президенттің жарлығымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова лауазымынан босап, орнына Мадина Әбілқасымова тағайындалған болатын.
Бүгін таңертең Үкіметтің кеңейтілген отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованы сынға алған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев араға бірнеше сағат салып оны қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.