$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстаудағы балабақша бір принтерді 10,7 млн-ға сатып алмақ болған

32,1 млн теңгеге 3 дана принтер сатып алу жоспарлаған.
Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz

Маңғыстаудағы балабақша мемлекеттік сатып алу порталында принтердің бір данасын 10,7 млн теңгеден алмақ болған деп хабарлады turkystan.kz.

«Өңірде мемлекеттік сатып алуды тиімсіз жоспарлайтын мекемелер бар. Мысалы, Түпқараған аудандық білім бөліміне қарасты мемлекеттік балабақшалардың бірі 32,1 млн теңгеге 3 дана принтер сатып алуды жоспарлаған. Яғни принтердің бір данасын 10,7 млн теңгеден сатып алуды көздеген. Алайда жоғарыда көрсетілген тауардың нарықтағы құны – 100 мың теңге. Департамент берген ұсыным хаттың негізінде мемлекеттік сатып алу жоспары қайта қаралып, 31 млн теңге қаражат үнемделді», – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Біржан Хайруллин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары