$ 444.14  477.05  4.85

Өскеменде халыққа қызмет көрсету орталығы өртенді

Оқиға куәгерлері өз бетімен отты сөндіре бастады.
Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Өскемен қаласындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығынан өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 27 маусымда Өскемендегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында өрт болған.

Орталықтың қоймасы және ғимарат шатырының ағаш құрылымдары өртенді. Оқиға куәгерлері өз бетімен отты сөндіре бастады.

Бірақ қатты жел қызыл жалынды одан сайын өршіте түсті. Өртті сөндіре алмайтынын білген соң олар кәсіби мамандарды шақырған.

«Жалпы ауданы 100 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Жалынды сөндіруге жеке құрамнан 33 адам және 10 техника жұмылдырылды», - делінген ақпаратта.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары