27.06.2023, 16:40

Шымкентте көпқабатты үйдің терезесінен 6 жасар бала құлап кетті

Фото: pixabay
Жағдайы ауыр.

Шымкентте көпқабатты үйдің терезесінен 6 жасар бала құлап кетті, деп хабарлайды nege.kz.

26 маусым күні сағат 19:00-де Еңбекші ауданы, Орынбай ақын көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйдің 3 қабатынан 6 жасар ер бала терезеден құлап кеткені бойынша хабарлама келіп түсті.

Қазірге таңда ауруханаға жатқызылды. Жағдайы ауыр.