$ 444.22  476.38  4.82

Арнольд Шварценеггер Дональд Трампқа қызметімен алмасуды ұсынды (ВИДЕО)

Танымал киноактер және америкалық NBC телеарнасындағы «Жұлдыздың шәкірті» реалити-шоуының жүргізушісі Арнольд Шварценеггер АҚШ президенті Дональд Трампқа қызмет алмасуды ұсынды. Бұл ұсынысын актер Twitter-парақшасында жариялаған.

«Сіздің шоумен айналысуыңыз керек, өйткені, сіз рейтинг жинаудың үлкен шеберісіз. Ал, мен сіздің қызметіңізбен айналысайын. Адамдар сол кезде тыныш ұйықтар», — дейді Арни арнайы әзірленген видеороликте.

Айта кетейік, 2 ақпан күні Ұлттық мінәжат ету асында Дональд Трамп америкалықтарды Шварценеггер үшін Құдайға «жалбарынуға» шақырған еді. Өйткені, актер жүргізетін реалити-шоудың рейтингі соңғы кезде тым құлдырап кетті. Осылайша президент өзіне қарсы наразылық акциясын ұйымдастырып жүрген Голливуд жұлдызын келеке еткен.

Бүгінде Дональд Трамптың презиент болуына наразылық білдірген ондаған мың америкалық АҚШ-тың әр штатында наразылық акцияларын ұйымдастыруда. Оларды көшеге Голливуд жұлдыздары мен танымал саясаткерлер бастап шыққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары